«Менің Қазақстаным – менің байтақ елім» «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Тақырыптық шара.

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің байтақ елім»

                 «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Мақсаты : Тәуелсіздік күні туралы  мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Технологиялық қамтамасыз ету: Рәміздер:ту,елтаңба,ән ұран,Тақпақтар,Бейнебаян: «Менің Қазақстаным-менің байтақ елім»,жылжымалы папкалардағы суреттер.

Күні:13.12.2019ж.

Жүргізген:Жоғары санатты тәрбиеші:Уразалина Гүлбану Насырқызы.

Ерте жас №2 «Шөжелерім» тобы.

Алдын-ала жұмыс.Бөбектермен Рәміздер бұрышына саяхат

Тәуелсіздік үшін өз жандарын құрбан еткен желтоқсан құрбандары аға-апаларымыздың фото суретерін көрсете отырып,олардың Отанына кейінгі ұрпақтары үшін жасаған ерліктерін еске түсіріп,бөбектерді таныстыру.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтеректің» макетін көрсете отырып, бөбектерді таныстыру.