Педагогикалық мәжіліс өтті

КҚМК №8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасында 9 желтоқсан 2019 жылы Педагогикалық мәжіліс өтті. Бұл педагогикалық мәжілісте семинар практикум өтті.

Семинар практикум тақырыбыЖоба: «Бұлақ көрсең,көзін аш» Дарынды балалармен тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында   жүргізілетін жаңа технология жобасы.

Мақсаты:Жан-жақты,білімді,іскер,өздік ойлау жүйесі дамыған,адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру.Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту,жетілдіру.Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеттері:

-Балалардың ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру.

-Балалардың шығармашылық жеке жеке дарындылығын дамыту.

-Дарынды баланың шығармашылық бағытының ашылуына,дамуына,қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

Жүргізгендер:Жоғары санатты тәрбиеші Уразалина Гүлбану Насырқызы.

                          1-санатты тәрбиеші:Тулегенова Айжан Қажымұратқызы.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында,ал  ұрпақтардың тағдыры ұстаздардың қолында»

                                                                          Н.Ә.Назарбаев

Тәрбиеші Уразалина Г.Н. педагогтарды жоба бойынша дайындалған слайдпен таныстыру үстінде Ұлы ойшылдардың дарынды балалар туралы жазылған ұлағатты сөздерін тілге тиек етті.

«Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әулеті мол бала»

                               Н.С.Лейтис.

Бала жүрегі-кішкентай күйсандық.

Ол сандықтың кілтін ғана тапсаң ашылады.

Мұғалімнің қолында әркезде  сол кілт жүруі керек.

                                                    Мұхтар Шаханов.

 Практикалық бөлім. «Мюнстенберг» әдістемесі бойынша дарынды балаларды анықтау мақсатында жүргізілетін ойын.

 

Педагог-тәрбиешілер өз ой-піірлерін бөлісіп,қызу талқылау үстінде.