Театр күні. Шағын ертегілерді сахналау.

«Үйшік» ертегісі

Музыка әуенімен Алдаркөсе келеді.- Мен сендерге арнап, тамаша ертегі кітап алып келдім. Бұл кітапты апайларын жақсылап оқып берсін.

– Ертеде жазық далада бір үйшік болыпты. Бір мезгілде шиқылдауық тышқан әдемі үйшікті көріп, тоқтай қалып сұрайды:
-шик-шик-шик үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
-Бірақ оған ешкім үн қатпады, сөйтіп тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді.
-Содан кейін бақылдап бақа келеді:
-бақ-бақ- бақ үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?-Деп бақа сұрады.
-Мен, шиқылдауық тышқанмын.
-Ал мен, бақылдаған бақамын.
-Кел, бірге тұрайық!-деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді.

Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
-Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
-Мен, шиқылдауық тышқанмын.-Мен,бақылдаған бақамын.
-Ал сен кімсің?- деп екеуі сұрайды.-Мен, қорқақ қоянмын.-Кел, бізбен тұр!
– Енді олар үшеуі үйшікте тұрады.-Терезені түлкі келіп тоқылдатады:
-Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?-деп олда сұрайды.
-Мен, шиқылдауық тышқанмын.-Мен, бақылдаған бақамын.-Мен, қорқақ қоянмын.-Ал сен кімсің?
-Мен түлкімін.- деп түлкі жауап қайтарады.-Кел, бізбен тұр!
– Енді олар төртеу болады.

Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
-Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? – деп олда сұрайды:
-Мен, шиқылдауық тышқанмын.-Мен, бақылдаған бақамын.-Мен, қорқақ қоянмын.-Мен, түлкімін.-Ал сен кімсің?деп сұрайды.
-Мен, сұр қасқырмын.-Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады.
Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты. Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
-Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?-Мен, шиқылдауық тышқанмын.
-Мен, бақылдаған бақамын.-Мен, қорқақ қоянмын.-Мен, түлкімін.
-Мен, сұр қасқырмын.-Ал сен кімсің?- деп барлығы сұрайды.
-Мен, қорбаңдаған аюмын.-Кел, бізге! деп барлығы аюды шақырады.
– Шақырғандарына қуанған аю үйшікке кірейін-кірейін деп, кіре алмайды. Сонда аю ендеше:-Мен, шатырда тұрайын.-Бізді басып қаласың.
-Жоқ, қорықпаңдар.-Жарайды, шық дейді барлығы.

Аю денесінің үлкендігіне байланысты үйшіктің есігінен сыймай қояды, үйшіктің терезесінен кіруге тырысады бәрібірде басы кірмей қояды.
Үйшіктің шатырына шығып тұруға тырысады.
Шатырына шыға берген кезде үй: «тарс» — етіп құлады
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шығыпты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті.Жаңа үйшік бұрынғысынан да әдемі болып шығыпты.Сонда барлық аңдар бірге өмір сүре бастады.