(2023 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында) “Шахтинск қ. ауруханасы “ШЖҚ КМК-на «Еркін тіркелу науқаны» туралы ақпарат.

(2023 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында)

“Шахтинск қ. ауруханасы “ШЖҚ КМК-на  «Еркін тіркелу науқаны» туралы ақпарат.

 

Қазақстан Республикасында еркін тіркелу науқаны басталады.

Екі ай ішінде (2023 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында) әрбір тұрғын өзіне ыңғайлы кез келген емханаға тіркеле алады, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап пациентке қызмет көрсетілетін болады.

Емханада жалпы практика учаскелік дәрігерлері, педиатрлар, 12 мамандық бойынша бейінді мамандар қабылдауды жүргізеді. Бұл дәрігерлер;

невропатолог, отоларинголог, офтальмолог, кардиолог, хирург, травматолог, инфекционист, дерматолог-венеролог, акушер-гинекологтар, аймақтық онколог.

Сонымен қатар қос қызметтілікте:

  • Эндокринолог;
  • Уролог;
  • Окулист дәрігерлері қабылдайтын болады.

Емханада диагностикалық қызметтердің келесі түрлеріне қызмет көрсетіледі: ЭКГ, ЭХОКС, тәуліктік АҚ және ЭКГ мониторингі, тредмил сынағы, реовазография, маммография, УЗД, спирография, зертханалық зерттеулер (жалпы клиникалық, биохимиялық, серологиялық).

Стационарлық көмек

Тәулік бойғы стационар деңгейінде 198 төсек, күндізгі стационар деңгейінде 90 төсек орналастырылды.

Стационарлық көмек емдеу хаттамасына сәйкес көрсетіледі, бөлімше  меңгерушілері жоғары және бірінші санатты дәрігерлер. Бөлімшелерде консервативті емдеу де, оперативті  емдеу де жүргізіледі.

Келесі  бөлімшелер бар: кардиологиялық, терапевтік бөлімше, травматологиялық, хирургиялық, педиатриялық, инфекциялық, жүкті және босанатын әйелдерге арналған) жүктілік патологиясы бөлімшесі, гинекологиялық бөлімше, жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туылған нәрестелерді күту бөлімшесі, паллиативтік көмек бөлімшесі.

 

Тіркеме не береді?

 

  • Ол қазақстандықтарға, егер олар қазіргі жағдайға қанағаттанбаса, тіркелу ұйымын өзгертуге немесе өз емханасының ішінде басқа учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігі (ТМККК).
  • МӘМС жүйесінде консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу мүмкіндігі.
  • Профилактикалық тексерулер мен скринингтік тексерулерден өту мүмкіндігі.
  • Созылмалы немесе әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша тиісті емдеу және бақылау алу мүмкіндігі.
  • Бекітілген тізім бойынша тегін дәрілік препараттарды алу мүмкіндігі .

 

Сіз бірнеше жолмен тіркеле  аласыз:

  1. ЭЦҚ болған жағдайда емханаға электрондық үкімет порталында тіркелуге болады www.e.gov.kz. ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Сізге қосымша құжаттарды қоса берудің қажеті жоқ. Емхана сіз туралы деректерді автоматты түрде алады. Өтінімнің мәртебесін Сіз Жеке кабинетте, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде бақылай аласыз. Жауап алудың ең ұзақ мерзімі-1 жұмыс күні. Оң шешім қабылданған жағдайда Сіз Жеке кабинетке тіркелгені туралы хабарлама аласыз немесе бұл туралы Сізге смс – хабарлама арқылы хабарланады.
  2. Тікелей сіз тіркегіңіз келетін емханада. 1 қабаттағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына хабарласыңыз.

Ол үшін сізге қажет:

Жеке куәлік

Өтініш беру.

Тіркеуге тұрарлық емхананы таңдағанда, оның орналасқан жеріне назар аударуды ұсынамыз: тұрғылықты жеріне жақын орналасқан емхананы таңдау керек, яғни қадамдық қол жетімділікте.

Егер сізге учаскелік дәрігерді немесе үйге мобильді бригаданы шақыру қажет болса, бұл өте маңызды: емханалар емделуші емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетеді.

Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын қызмет көрсетілген емханаға бекітілген күйінде қалады.

 

Тіркеу науқанынан тыс емханаға қалай тіркелуге болады?

Сіз мұны жасай аласыз:

Жылына 1 рет еркін таңдау құқығы бойынша

Егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін өзгерткен жағдайда тіркелуге болады.